«Мектепке жол» акциясы аясындағы көмек
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектебіміз республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысады. Қамқоршылық кеңесінің қолдауының арқасында 2024 жылы 13 отбасынан 27 балаға қаржылай көмек көрсетілді, бұл балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік берді. Көмек көрсетілген отбасылар ЖБҚ (жағдайын бағалау қорытындысы) тексерісі нәтижесінде анықталып, шешім ұжымдық түрде қабылданды. Жалпы сома 1 171 989 теңгені құрады.
